s
Sesiya.ru

9-сынып оқушыларына арналған қазақ тілі пәнінен мемлекеттік емтихан билеттерінің үлгілері

Информация о работе

Тема
9-сынып оқушыларына арналған қазақ тілі пәнінен мемлекеттік емтихан билеттерінің үлгілері
Тип Экзаменационные билеты
Предмет Языкознание
Количество страниц 11
Язык работы қазақ (Казахский)
Дата загрузки 2018-03-07 10:56:03
Размер файла 60.61 кб
Количество скачиваний 54
Скидка 15%

Поможем подготовить работу любой сложности

Заполнение заявки не обязывает Вас к заказу


Скачать файл с работой

Помогла работа? Поделись ссылкой

Өзге тілде білім алатын негізгі мектептің  

9- сынып оқушыларына арналған қазақ тілі  пәнінен мемлекеттік емтихан билеттерінің үлгілері (2015-2016 оқу жылы)

Билет №1

1.«Қазақ – қонақжай халық» мәтінін оқып, мазмұндап беріңіз.

2. «Қонаққа шақыру» тақырыбына диалог құрастырыңыз.

3.Үстеу түрлері туралы айтып беріңіз. Берілген сөздермен сөйлем құрастырыңдар: кешке, жылдам,  тез.

Билет №2

1.«Отбасы тәрбиесі» мәтінін оқып, мазмұндап беріңіз.

2. «Менің ата-анам» тақырыбына диалог құрастырыңыз.

3.Берілген сөздерге морфологиялық талдау жасаңдар. Дәстүрлерді, табандылықпен, сыйлы.

Билет №3

1.«Дастарқан – отбасының дарқандығы» мәтінін оқып, мазмұндап беріңіз.

2. «Ұлттық тағам түрлері» тақырыбына диалог құрастырыңыз.

3.  Себеп-салдар үстеу. Екі сөйлем құрастырыңыз.

Билет №4

1.«Тамақтану мәдениеті» мәтінін оқып, мазмұндап беріңіз.

2. «Мейрамханада» тақырыбына диалог құрастырыңыз.

3. Еліктеу сөздердің түрлеріне мысал келтіріңіз, сөйлем құрастырыңыз


Билет №5

1.«Медеу мұз айдыны» мәтінін оқып, мазмұндап беріңіз.

2. «Шымбұлақтағы демалысым» тақырыбына диалог құрастырыңыз.

3.Септеулік шылаумен сөйлем құрастырыңдар: арқылы, дейін,  соң, басқа.

Билет №6

1.«Олимпиада жеңімпаздары» мәтінін оқып, мазмұндап беріңіз.

2. «Сүйікті спортшым» тақырыбына диалог құрастырыңыз.

3. Берілген сөйлемдерге морфологиялық талдау жасаңыз.Спорт жаңалықтарын білу үшін, теледидардан хабарларды тыңдау керек. Көп білу үшін, көп оқу керек.

Билет №7

1.«Емтиханға дайындық» мәтінін оқып, мазмұндап беріңіз.

2. «Менің мектебім» тақырыбына диалог құрастырыңыз.

3.Жалғаулық шылау түрлері. Мысал келтіріңіз.

Билет №8

1.«Компьютердің атасы кім?» мәтінін оқып, мазмұндап беріңіз.

2. «Электронды пошта»тақырыбына диалог құрастырыңыз.

3. Демеулік шылау түрлері. Мысал келтіріңіз.

Билет №9

1.«Алғашқы ғалымдар» мәтінін оқып, мазмұндап беріңіз.

2. «Қаныш Сәтбаев» тақырыбына диалог құрастырыңыз.

3. Оқшау сөздерді тауып, түрлерін анықтаңыз.Мүмкін, Астанаға бізді шақыртар. Алақай, ел ордасы – Астанаға баратын болдым! Әсел, сен де баратын болдың ба? Қап, әттеген – ай, мен бара алмаймын

Билет №10

1.«Мемлекеттік тіл» мәтінін оқып, мазмұндап беріңіз.

2. «Тіл үйрену» тақырыбына диалог құрастырыңыз.

3.Сөйлемге синтаксистік талдау жасап, құрамына қарай түрін анықтаңыз.Араб алфавиті Қазақстанда 900 жыл қолданылған.  Біз Отанды сүйеміз, өйткені ол туып-өскен жеріміз.


Билет №11

1Емтихан» мәтінін оқып, мазмұндап беріңіз.

2. «Уақытты бос өткізбе» тақырыбына диалог құрастырыңыз.

3. Айтылу мақсатына қарай жай сөйлемнің түрлеріне мысал келтіріңіздер.

Билет №12

1.«Тәуелсіздік толғауы» мәтінін оқып, мазмұндап беріңіз.

2. «Ел тәуелсіздігіне біз қандай үлес қосамыз?»тақырыбына диалог құрастырыңыз.

3. Тұрлаулы мүшелерді тауып, астын сызыңыз.Мемлекеттік рәміздерді геральдика ілімі зерттейді. Геральдика ілімінің негізін салушы – француз ғалымы Менестре.

Билет №13

1Мамандық таңдау» мәтінін оқып, мазмұндап беріңіз.

2. «Менің ұстазым» тақырыбына диалог құрастырыңыз.

3. Берілген сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңыз. Ұстазыңды ұлы атаңдай сыйла.  Шет тілдерін үйренушілерге арналған арнайы курстар өткізіледі.


Билет №14

1.«Телевидение» мәтінін оқып, мазмұндап беріңіз.

2. «Алматы телевизия мұнарасы» тақырыбына диалог құрастырыңыз.

3.Сөйлемдегі тұрлаусыз сөйлем мүшелеріне сұрақ қойыңыз.Үлгі аларлық тұлғаларды теледидардан көрсеткендіктен, жастар жақсы тәрбие алады.

Билет №15

1.Гүлфайруз Исмаилова мәтінін әңгімелеп айтыңыз.

2.Қазақстан суретшілері тақырыбына диалог құрастырыңыз.

3.Берілген қыстырма сөздерді қатыстырып сөйлемдер құрастырыңыз.Мүмкін, шынында, бәлкім

Билет №16

1.«Қазақстан мұражайлары» мәтінін оқып, мазмұндап беріңіз.

2. «Теміртау қаласындағы Тұңғыш Президент мұражайы» тақырыбына диалог құрастырыңыз.

3. Берілген смөйлемге синтаксистік талдау жасаңыз. Уақытым болмағандықтан, мұражайға бара алмадым.

Билет №17

1.«М. Әуезов мұражайы» мәтінін оқып, мазмұндап беріңіз.

2. «Президент   мәдени орталығы» тақырыбына диалог құрастырыңыз.

3.Сөйлемнен бірыңғай мүшелерді тауып, астын сызыңыз. Әбілхан Қастеев – этнограф, зерттеуші, зергер суретші, бейнелеу    өнерінің негізін салушылардың бірі.

Билет №18

1.«Қазақстанның оңтүстік, солтүстік, орталық аймақтары» мәтінін оқып, мазмұндап беріңіз.

2. «Астана қаласы» тақырыбына диалог құрастырыңыз.

3. Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем құрастырыңыз Ежелгі қалалар осыдан екі жарым жылдай бұрын пайда бола бастаған. Олардың көпшілігі сақталмаған.

Билет №19

1.«Қазақстан телеарналары» мәтінін оқып, мазмұндап беріңіз.

2. «Теледидар бағдарламалары» тақырыбына диалог құрастырыңыз.

3.Сөйлемді толықтырып,  сабақтас құрмаластың қай түріне жататынын анықтаңыз.Мен теледидардан жақсы хабар көргенде, ...

Билет №20

1.«Семей полигоны» мәтінін оқып, мазмұндап беріңіз.

2. «Экологиялық апаттар» тақырыбына диалог құрастырыңыз.

3. Мақал-мәтелдердің, фразеологиялық тіркестердің мағынасын ашыңыз. «Бірлік бар жерде – тірлік бар»,  «Адам досымен, ағаш тамырымен мықты», «Адам досымен, ағаш тамырымен мықты»,  «бетінен оты шығу»,  «қол ұшын беру».


Билет №21

1.«Электронды журнал» мәтінін оқып, мазмұндап беріңіз.

2. «Білімал» бағдарламасын білесің бе?  тақырыбына диалог құрастырыңыз.

3.  Берілген сөйлемнің тиісті тыныс белгілерін қойыңыз. Тіл – адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі   дейді Ахмет Байтұрсынов.

Билет №22

1.«Бекзат Саттарханов» мәтінін оқып, мазмұндап беріңіз.

2. «Атақты спортшылар» тақырыбына диалог құрастырыңыз.

3.Салалас құрмалас сөйлем түрлері. Мысал келтіріңіз.

Билет №23

1. «Тарлан» сыйлығы мәтінін оқып, мазмұндап беріңіз.

2. «Өнер тарландары» тақырыбына диалог құрастырыңыз.

3.Сөйлемдегі  тыныс белгілерінің қойылу себебін түсіндіріңіз.

Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Тарлан» сыйлығының иегері, ақын Қадыр Мырза Әлінің 80 жылдығы аталып өтіледі.

Билет №24

1.«Қазақтың қолөнері» мәтінін оқып, мазмұндап беріңіз.

2. «ЭКСПО-2017»  тақырыбына диалог құрастырыңыз.

3. Жалғаулық түрлерін  анықтап, сөйлем құрастырыңдар:  әрі, өйткені, бірақ, немесе, бірде.

Билет №25

1.«Шара Жиенқұлова» мәтінін оқып, мазмұндап беріңіз.

2. «Би үйірмесі» тақырыбына диалог құрастырыңыз.

3. Сабақтас құрмалас сөйлем түрлері. Мысал келтіріңіз.







билет№1

1 Қазақ –қонақжай халық

  Қазақ халқы танымаса да «құдайы қонақпын» деген адамды қарсы алады. Жол жүріп келе жатқан адам кез келген ауылға , үйге келіп ,қонақ бола береді .

  Қазақ үшін қонақты қарсы алмау ,күтпеу ұят. Қонақты қарсы алуға ,шығарып салуға ерекше мән береді. Қонақ келгенде үй иесі алдыннан шығып қарсы алып , есікті өзі ашып, үйге кіргізіп ,өзі қонақтардан кейін кіріп, есікті жабуы керек. Бұл- қонақпен келген «ырыс» бірге кірсін дегені.

   Қонақ күту –қазақ халқының ең жауапты ісі. Олады риза етуге тырысады. Ең алдымен қонақтарға сусын беріледі . Содан кейін ет беріледі, шәй ішіледі.

  Осы дәстүр қазір де бар . Шетелден келген қонақтар «Қазақ халқы-қонақжай халық» деп бекер айтпайды.

2. «Қонаққа шақыру» диалог.

-Сен қонаққа жиі барасың ба?

-Иә, мен мереке күндері ,демалыс күндері қонаққа барамын

-Кімге қонаққа барасың ?

-Достарыма, әжеме қонаққа барамын

-Сен не сыйлайсың ?

-Мен гүлдер және кәмпиттер сыйлаймын

-Отбысыңмен қонаққа жиі барасың ба?

-Отбасымды аптасында бір рет шықырады

-Қонақтарды кім қарсы алады ?

-Қонақтарды әжем қарсы алады

-Қандай сусындар бересің?

-Қымыз және шұбат беремін

-Қонақтарға қандай ыстық тамақ бересің?

- Мен мәнті беремін

-Үй иелері қандай болу керек?

-Қонақжай және көңілді болу керек

3 Үстеу-қиымылдың түрлі белгісін мезгілін ,мекенің себебін ,мақсаттың білдіретің сөз табы.

Тұлғасына қарай :

  1. негізгі : ең , ертеңТуынды : бірге , зорға.Түбірге жұрнақ жалғануы арқылы немесе кейбір септік жалғауының арқылы жасалады  

Мағынасына қарай:

  1. Мекен. Мен мектепке бардым.
  2. Мақсат. Емтиханды міндетті түрде жақсы тапсыру керек.
  3. Себеп-салдар. Мен сабаққа кешігіп келдім, себебі ұйықтап қалдым.
  4. Мөлшер. Шамамен, бірнеше оқушылар келетін сияқты
  5. Бейнелік. Алыстан жалтылдаған жарық көрінді.
  6. Күшейткіш. Сенің шәшің өте әдемі екен.

билет№2

1 «Отбасы тәрбиесі»

Қайсыбір ата-аналар балаларын телефонмен тәрбиеліп жатады, «Тұрдың ба? Тамағанды іш. Содан кейін отыр, сабағынды оқы!» . Немесе жұмысына асығып , кетіп бара жатып : «Оқы ,кішкене ойна.... былай тұршы ,аяқтың астына оралмай ! Жұмыстан қалатын болдым ғой! Жай кезде сұрамай ,дәл асығып тұрған кезде сұрайды екенсің!»,-десіп жатады. Көп нәрсенің кілті үй ішінде орныққан дәстүрге байланысты деп ойлаймын. Бала өзінің бүкіл ғұмырына жететін ең жақсы қасиеттерді үйдің «ауасымен» бірге жұтуы керек. Бұл жерде бәрібір –ауылдың баласы ма , қаланың баласы ма ,ең басты, бойындағы дарынын үрлеп жандырып табандылыққа үйрету. Ал егер баланың ақылы болса ,оны қаймықпай ,жалтақ болмай өсуге талпындыру керек.

2 «Менің ата-анам»

-Әр отбасында неге ата-ананың орны бөлек?

-Ата –ана баласына тәрбие біреді

-Бала әкеден ,анадан қандай нәрселер алады?

-Бала әкеден ақыл, анадан мейрім алады

-Ата-ана баласының  қандай болғанын қалайды?

-Баласының білімді ,парасатты , мәдениетті , тәртіпті ,әдепті болуын қалайды.

-Неге әке мен ана артына ұрпақ қалдыруды көздеген?

-Жанған отын сөндірмей түтінін түтететін артына ұрпақ қалдыруды көздеген

-Ұрпақ деген кімдер?

- Ата-аналардан қалған балалары

3 дәстүрлерді (традиции) –зат есім, жалпы, негізгі ,дара ,дерексіз, дәстүр-түбір ,лер-көптік жалғау, ді-Табыс септішінің жалғау .Синтаксистік қазметі –толықтауыш.Табандылықпен (стойкость) -зат есім, Жалпы ,туынды,дара,дерексіз  Табан-түбір ,ды-сын есімнің жұрнағы, лық-зат есімнің  жұрнағы,пен-Көмектес септігінің жалғауы

Сыйлы( уважаемый) – Сын есім   қатыстық,туынды , дара  Сый-түбір ,лы –сын есімнің жұрнағы,   Синтаксистік қызметі-анықтауыш

билет№3

  1. «Дастақан-отбасыныңдарқандығы»

Қазақ халқы  асты өте жоғары бағалаған әрі қастерлей білген. Елжұрт жадында «ас- адамның арқауы» деген қағида қалыптасқан. Халық асты құрметтеу мен бағалаудың жолын да, жөн- жосағын да, оны дәмді етіп әзірлеудің де көзін, ретін таба білген. Қазақ ел мен елді татуластыруды да, үлкендері құрметтеуді де, өздерінің мырзалық, өнегелі қасиеттерін білдіруді де қең дастарқан арқылы, көрсеткен. Халық ұғымында аста кепиет, қасиет,құдірет, кие бар деп түсіндірілген.

2.«Ұлттық тағам түрлері»

  • Қазақ халқының қандай ұлттық,тағамдарын білесің?
  • Мен қуырдақ,бешбармақты білемін.
  • Нан тағамдарынан нені білесің?
  • Мен бауырсақ,шелпекті білемін.
  • Сүт  тағамдарынан нені білесің?
  • Мен қымыз,құртты білемін.
  • Саған қай тағам ұнайды?
  • Маған бесбармақ,құрт ұнайды.
  1. Амалсыздан,үйге қайтуға тура келеді.

Қалаға бекерге, барған екем.

билет№4

  1. «Тамақтанумәдениеті»

Тамақтану мәдениеті - дегеніміз бір қалыпта тамақтану, тағамдардың әр түрлі болуы, қай кезде және қандай мөлшерде ішіп- жей білу. Адам тағамнан өзінің бір тәулекте жұмсайтың энергиясынын мөлшеріне сай қуат алуа тиіс. Егер адам үнемі мөлшерден тыс тамақ іше, семіріп кетеді, ауруға шалдығады. Тамақты ас ішіп, үнемі аш жүруге болмайды. Адам ағзасына қажетті тағамдар болу керек (жемістер көкөністер сүт ет тағамдары). Тамақты күн сайын белгі бір мезгілде ішуімізкерек.

  1. «Мейрамханада»

- Сәлеметсін бе!

- Қайырлы таң. Қайда бара жатырсын?

- Мейрамғанаға бара жатырмен.

- Досымен таңертеңгі асты ішпекпін.

- Онда қандай тағамдар бар екен?

- Әр түрлі тағамдар. Таңертеңгі асқа кофе, сүт ішейік. Май жағып, нан жейік.

- Түскі тамақты да сонда ішесің бе?

- Иә, достарымен кездескенде, сол жерде тамақтанамыз.

- Жақсы, сау бол!

- Сау бол!

  1. Үйдің сыртынан тарыс еткен дыбыс естелді. Дараеліктеу сөз: тарс күмп, жымың.

Күрделіге: тарыс- тұрс. Негізгі еліктеу сөз: күрс, селк.Туынды: қиса –ң, ыржы-ң.

Бейнелеуші: Маң, маң,басып түйелер келер жатыр.Еліктеуші: тарс, сарт- сұрт, салдыр – гүлдір.

билет№5

1) “Медеу” мұз айдыны Достық даңғылымен тауға қарай машиналар тынбай зулайды. Көгілдір таулар арасында әлемге әйгілі “Медеу” мұз айдыны жатыр. Айдыны – тау суының мөлдір мұзы. Мұз айдыны қаланың ең көрікті орындарының бірі. “Медеу” спорт кешені 1972 жылы шаңырақ көтерді. Айдын дүниежүзілік рекордтар “фабрикасы” деп аталады. Мұнда 100 – ге жуық рекордтар жасалды. Конструкциясы жөнінен дүние жүзінде “Медеудің” теңдесі жоқ. Мұз айдының көқлемі он бір мың шаршы метрдей. Трибуналары 12 мыңнан астам көрерменге арналған. Бұл жер қала тұрғындарының демалатын сүйікті орнына айналды.

2)Шымбұлақтағы демалысым

-Ертең сен не істесің?

 -Ертең мен шаңғы тебетін жерге барамын.

-Бізбен бірге барасың ба?

  -Әрине, барғам келеді.Ол қайда орналасқан?

  - Іле Алатау шатқалында 2510 метр биіктіктеорналасқан. 

  -Біз кіммен барамыз?

  -Біз менің ата-анамен барамыз.

  -Ол жерде қандай спорт мәдиниеттері бар?

  - Тау шаңғы спорты, тау баурайлары мен шаңғы трассалары, шапшаңдықпен түсетін және  ыңғайлы көтергіштер, тау шаңғы мектебі бар.

  -Ол жерде өте қызық болады ма?

  -Мен де солай ойлаймын.

  -Біз ертең кешке жақын барамыз. Сен жолда тұр, біз сені ала кетеміз.

  -Жарайды, сау бол.

  -Сау бол.

3)Мектепке дейін мен жаяу келемін.

Өзеннен көпір арқылы өттік.

Сабақтан соң үйірмеге барамын.

Меннен басқа оқушылар ол жерде жеткілікті шығады.

билет№6

Қазақстанда спортқа деген қызығушылық жылдан жылға өсіп келеді. Споршылар саныда артып келеді. Біздің елімізде спортқа көп көңіл бөледі. Спорттық дәрежелерге жеткен Қазақстан спортшылары: палуан Дәлет Тұрлыханов, Жақсылық Үшкемпіров, боксшылар Серік Сапиев ,Серік Қонақбаев, Серік Нұрғазов,ауыр атлетикадан Илья Илин, жеңіл атлекикадан Ольга Шишигина және тағы басқада спортшылар бар.

2)-Сенің сүйікті спортшың кім?

-Менің сүйікті спортшым Ольга Шишигина.Ол жеңіл атлетикамен айналысады.

-Ол қашан және қай жерде дүниеге келген?

- Ол Алматы қаласында 23 желтоқсанда дүниеге келген.

-Неге ол саған ұнайды?

-Өйткені ол өте әдемі және ол Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері.

- Қандай оның жетістіктері бар?

- Хиросима Азия ойындарында 1994 жеңіске жетті .

Жазғы және қысқы 1995 Әлем кубогының күміс медальға ие болды .

Әлем кубогын қашан алды?

1999 жылы Әлем кубогы алды және Сидней 2000 Олимпиада жеңісіне ие болды.

- Иә, бұл оның еңбегі үшін әйгілі.Маған да Ольга Шишигина ұнайды.

3. Морфологиялық талдау: Спорт жаңалықтарын білу үшін, теледидардан хабарларды тыңдау керек. Көп білу үшін, көп оқу керек.( теледидардан, хабарларды)                                                                  

Билет№7

1.Емтиханға дайындық. Емтихандар- өмірдегі ең қиын да онша қызықты емес, бірақ бәрбір кездеспей қойматын сәттер. Біреулер емтиханды жақсы тапсырамын деп сенеді, кебіреулері қорқады. Ол үшін берілген кеңестерді бұлжытпай орындау керек. Емтихан алдында қорықпау керек. Қатты қорықсаң сәтсіздік әкелуі мүмкін. Ойыңды жинақтауың керек. Емтиханға белсенді, ұқыпты дайындалу қажет.

  1. 2.«Менің мектебім»диалог

– Сен нешінші мектепте оқисың?

  • Мен бесінші мектепте оқимын
  • Мектептің қай көшеде орналасқан ?
  • Мектебім Жеңіс көшесінде орналасқан.
  • Мектеп неше қабатты ?
  • Мектеп үш қабатты.
  • Кабинеттер қалай жабдықталған ?
  • Кабинеттер заман талабына сай жабдықталған. Онда компьютер, интерактивті тақталар бар.
  • Мұғалімдердің білімдері қандай?
  • Мұғалімдердің білімдері жоғары, білімді мамандар.

3) Жалғаулық шылаулар – сөз бен сөзді сөйлем мен сөйлемді  байланыстырады. Жалғаулықтар орыс тілінде деп аталатын көмекші сөздері мен сәйкес келеді. Түрлері: Ыңғайластық(cоединит.)(және, мен, бен, пен, да, де,та, те)- Мен және сен бірге қайтайық.Қарсылықты (бірақ, деген мен) Қалаға барар едім, бірақ  қалтамда ақша жоқ.Талғаулықты (разделит)  (не, немесе, иә, әлдебресе) –Біресе жаңбыр жауады , біресе күн шығады. Себепті (Причины)- (Өйткені , себебі) – Ол жақсы оқиды,себебі жақсы маман болғасы келеді.

Салдарлық (Следствие) – (Сондықтан, сол себептен) Мен ұйықтап қалдым, сол себепті сабаққа кешігіп келдім.Шартты(условные) (Егер, онда) Егер кітап оқымасаң, білімді адам болмайсың.

БИЛЕТ № 8

1) Алғашқы компьютерлер тек қана есептеулер үшін қолданылған болатын.Ең қарапайым деген компьютерлердің өзі бұл салада адамдардан асып түседі. Ең алғашқы шыққан бағдарламау тілі-фортран тілі де осы себепті тек қана есептеулер шығаруға арналған болатын.Екінші қолдану жолымәлиметтер базасы үшін.Үшінші жолы-әртүрлі құрылғыларымен бірге қолдану.Компьтерде ақпаратты сақтауға да,тасымалдуға да,біртілден екінші тілде аударға да болады.Ақырында, компьютерлер кеңседе, үйде негізгі негізгі ақпараттық құрал ретінде пайдалананды.

2) «Электронды пошта» диалог

– Сәлеметсізбе!Мен өзіме электронды пошта ашсам ба деп едім.

     -Көмектесе аласыз ба?

   –Әрине,екінші тұрған компьютерге жайғасыңыз.

   –Рақмет,енді қалай тіркелемін?

   –Иә,енді өз поштаңызға суретіңізді,басқа да мәліметтерді тіркеуге болады.Бұл пошта түрі кәдімгі поштаға ұқас.Онда да жеткізу қызметі,пошта жәшіктері,мекенжайлар мен хаттар бар.

–Хатты қалай жеткізуге болады?

–Электронды хаттар санаулы секундтар ішінде ғана жеткізіледі.

–Иә, оны да біріндеп үйренуге болады екен.Білмегенді тағы да сізден сұрармын.

–Жарайды,көмектесемін ғой.

–Рақмет.

3). Демеулік шылау сөздерді байланыстырмайды, тек қана өзі тіркескен сөзге қосымша мағына үстейді.

,Күшейткіш,шектік.Ол саяжайға жолдасың ғана алды.Мен жемістерді жақсы көремін,әсір есе алұртты.

  Сұраулық.Олар бар ма ? Олар кетті ме?

  Болжалдық.Ертеде бір әулие кісі болыпты-мыс.

  Болымсыздық.Сен түгүл,менде бес алған емеспін.

Нақтылау.Бұл менің кітабым ғой.

БИЛЕТ №9

1)Шоқан Уалиханов (1835-1865).Ол қостанай обласының Құсмұрын бенетінде тұды.Оның шын аты-Мұхамедханафиа.Ауыл мектебінен мұсымланша оқиды.Ол  Омбыдағы кадет корпусында –те жақсы оқиды.Мұхасімдер оны 15 жасында болашақ ғалымі деп атаған.Шоқанның тамаша еңбектері «Жоңғария очерктері», « Қашқария сапары ».Ол отыз жасында дүниеге салады.

2) –Қаныш Имантайұлы Сәтбаев–бұл кім?

–Қаныш Сәтбаев аса көрнекті қазақ гепогы ақадемик,қазақстандық металлогения мектебінің негізгін салған.

–Ол не ашты ?

–Ол Жезқаған мыс кенін, Екібастұз көмірін, Қаратау фосфаритін ашты.

–Ол кімдер туралы еңбектер жазған?

И.Уәлиханов,А.Қүнанбаев,Ы.Алтынсарин еңбектер жазған.

–Ол қашан қайтыс болды?

–Ол 1964 жылда қайтыс болған.

3)Мүмкін, Астанаға бізді шақыртар( қыстырма) .Алақай ел ордасы–Астанаға баратын болдым.(одағай)

   Әсел,сен де баратын болдың ба?(қаратпа)

 Қап,әттеген–ай, мен бара алмаймын.(қаратпа)

билет.№10

1.Қазақ тілі - қазақ халқының ана тілі. 1989 жылы 22 қырқүйекте қазақ тілі мемлекеттік мәртебе алды. Қазақ тілі түркі тілдер тобына жатады. Ресей, Қырғызстан,Өзбекстан, Монғолия, Қытай, Иран, Туркия, Ауғанстанда қазақтар тұрады. Олардың да  ана тілі - қазақ тілі. Қазақ тілі ғылымның, мәдениеттің , ресми  іс қағаздардың  тілі. Қазақ тілі - Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.

2. «Тіл үйрену» »  диалог.

- Сен қай сыныпта оқисың?

- 9А сыныбында оқимын.

- Сенің мектебіңде қандай тілдер оқытылады?

- Қазақ, орыс, ағылшын тілдері.

- Сендерге шет тілін қай сыныптан бастап оқытады?

- Бірінші сыныптан бастап оқытады.

- Шетел тілдерінің қайсысы оқытылады?

- Ағылшын тілі.

- Сен қай тілді оқып жүрсің?

-Ағылшын тілін.

3.1-жай, хабарлы. 2-себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем

билет.№11

  1. Емтихан – шәкірттер білімін тексеру тәсілдерінің бірі. Алғаш рет орта ғасыларда Еуропа университетінде қолданылған. Ресейде тұңғыш рет Глюктің мектебі (1703, Мәскеу) мен СанПетербург Ғылым академиясы жанындағы гимназияда (1726) шәккірттерден емтихан қабылданды. Қазақстанда емтихан қабылдау алғаш рет Алтынсарин мектептерінде (жылына 2 рет) қолданды. 1966-1967 оқу жылынан бері мектептерінде әлі күнге дейін сақталуда. Кәсіптік – техникалық училищені біттірушілерге алған мамандығы бойынша белгілі бір разряд береді. Көптеген жоғары және арнаулы орта оқу орындарында мемлекеттік емтихан орнына негізгі пән бойынша диплом жұмысы қорғалады. Қазіргі кезде оқу орындарына қабылдау емтихандары компьютерлік техникалық көмегі арқылы тестік тәсілмен жүргізіледі.

2.- Емтиханға дайындықтыбастамас бұрын не істеуіміз керек?

-Емтиханға дайындалықты бастамас бұрын барлық материалдарды қарап шығамын.

  • - Емтиханға дайындалықты бастамас бұрын барлық материалдарды қарап шығып, өзіне таныс материалдарды қоя тұрып, жаңа, таныс емес тақырыпты оқудан бастаймын.
  • Қай уақытта дайындалған дұрыс?
  • Таңертеңгі уақытта дайындалған дұрыс.
  • Қиын материалды есте сақтау үшін не қажет?
  • Қиын материалды есте сақтау үшін бірнеше қайтара оқу қажет, кешке және таңертең тағы да қайталаймын.
  • Жұмыс кезінде қысқа мерзімдік үзіліс керек пе?
  • Жұмыс кезінде қысқа мерзімдік үзіліс керек.
  • Сергітуге арналған қандай жаттығулар жасайсың?
  • Сергітуге арналған ішкі қобалжулары, шаршағандықты болатын күнделікті жаттығуларды жасаймын.

3).4 түрі бар: хабарлы,сұраулы,бұйрықты,лепті Бүгін жиналыс болады. Ол қайда екен? Тыныш отырыңдар.Алақай, ертең емтихан болмайды!


билет№12

1.Бұл дүниеге біздің бір ғана Отанымыз бар. Ол-тәуелсіз Қазақстан. Мемлекеттік тәуелсіздігіміз жарияланғаннан бері Қазақстанды әлемнің жүзден астам елі таныды. Біздің еліміз бірқатар аса беделді халықаралық ұйымдарға, оның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымына, Халықаралық валюта қорына мүше болып қабылданды. Егеменді ел болып, халқымыз өз еркімен тұңғыш Президентін сайлады.Егемендігімізді 1991 жылы 16 желтоқсанда алдық. Өзіміздің рәміздеріміз бар.

2. « Ел тәуелсіздігіне біз қандай үлес қосамыз»

-Сәлем!

-Сәлем!

-Сен қайда тұрасың?

-Мен Қазақстанда тұрамын

-МағанҚазақстантуралыайтыпберші!

-Қазақстанәлемдегі үлкенмемлекеттердіңбіріжәнеолменің туғанжерім, менің Отаным. Мен Қазақстандыжақсы көремін,  Қазақстанныңастанасы-Астана қаласы,  

Қазақстанға қандай қосатын үлесің бар?

-Ең бастысы елдің тыныштығы үшін қосатын үлесім көп, елді қорғаудағы міндетім

Елдің дамуына қандай үлесің бар?

Елдің адал азаматы болып, жақсы маман иесі болғым келеді және өз еңбегімен елге үлес қосамын деп ойлаймын.

3.Мемлекеттік рәміздерді геральдика ілімі зерттейді. Геральдика ілімінің негізін салушы – француз ғалымы Менестре.


билет№13

  1. 1.Мамандық таңдау-өте жауапты іс. Мамандық таңдауда әр адам қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Сондай-ақ мамандығының 10-20 жылға дейін өз сұранысын  жоғалтпауына көңіл бөледі. Бұл мамандықтарға деген бірқалыпты түреқты сұраныс деп аталады. Халықтың сұранысы, қызығушылағы жойылмаған, кең тараған мамандықтарға дәрігер, мұғалім және құрылысшы мамандықтарын жатқызуға болады.Ал ең керекті мамандық технология, байланыс, комуникация, әлеуметтік орта, экономика  сияқты жаңа мамандықтары қажет.

2. «Менің ұстазым» диалог

-Cәлем!

-Сәлем!

-сенің сүйіктің ұстаз кім?

-менің сүйіктім ұстаз-ағылшын тілі мұғалімі

-Сенің сүйіктің ұстаз кім?

-менің сүйіктім ұстазым-орыс тілі мұғалімі

-ағылшын тілі ұстазының аты кім?

-ағылшын тілі ұстазының- аты Маржан Жумашевна

-Неше рет аптасына орыс тілі болады?

- 2 рет аптасына орыс тілі болады

-Сау бол!

-Сау бол!

   3.   Ұстазды-Толықтауыш, Ұлы атаңдай-Пысықтауыш, Сыйла-Баяндауыш. Шет тілдерін-Толықтауыш, Үйренушілерге-Толықтауыш, Арнайы-Анықтауыш, Курстар-Бастауыш, Өткізіледі-Баяндауыш

Билет №14

1.  Бүгінде телевидие бүкіл әлемде  өтпелі кезеңді бастан кешіп отыр. Ақ-қара түсті теледидардың орнына қазір түрлі түсті теледидарды пайдалану көбейді. Телехабарларды түсіру мен беруде сандық техника мен технологияны қолдану үрдісі пайда болды. Бұл да үлкен жетістік. Қоғамдық телевидение көбіне халықты жаңалық хабарлармен және білімдік, сөздік-танымдық бағдарламалармен қамтуға тырысады.

2. -Телевизия мұнарасы деген не ?

-Радио-телевизия хабарларын тарататын  станциялардың.

-Ол қай жерде орналасқан?

-Көктөбенің беткейінде орналасқан.

-Қанша метр биіктікте?

-372 метр.

-Ол мұнара пайдалануға қашан берілген?

-Ол мұнараның құрылысы 1975 жылы басталып, 1984 жылы пайдалануға берілген.

3.Үлгіаларлықтұлғалардытеледидарданкөрсеткендіктен, жастаржақсытәрбиеалады.


Билет №15

1.Ол 1929 ж Алматы қаласында туған. Ол Москвада оқиды.Ол жеті көркем фильмге түседі. Соның бірі «Қыз  Жібек» фильмы. Бұл фильмде ол Жібектің анасын ойнайды. Оның жүз шақты суреті бар.Белгілі суреттері «Әке», «Жумбақ қыры». Ол Қазақстанның халық суретшісі.

2.

-Сен қандай Қазақстанның суретшілері білесің?

-Мен Ә.Қастеев, А.Ғалымбаева білемін.

-А.Ғалымбаева деген кім?

-Ол Қазақстанның халық суретшісі.

-Ол қай жерде туған?

-Ол 1917 ж Алматы облысының Еңбекші қараң ауданындағы Есік ауылында дүниеге келген.

-Ол қайда оқыған?

-1943 жылы Алматының көркемсурет училищесінде, 1949 жылы Бүкілодақтық мемлекеттік киноматография институтында оқыған

-Ол қайда қатысқан?

-Республикалық , одақтың және халықаралың көптеген көрмелерге қатысқан

- Оның туындыларын білесің бе?                                                                                                                  

-«Шолпан» «Менің ауылым» « Қазақ халық киімдері» тағы басқаларын білемін.

3. Мүмкін олар мектепте шығар.

Шынында, сен менің сенімді  досымсың ?

Бәлкім , олар келіп қала күте тұрайық.

билет№16

1.Онтүстік мемлекеттік мұражайы (1930), Ә Қастеев атындағы республиқалық өнер мұражайы 1973, кітап мұражайы 1978, саз аспақтар мұражайы1980,ұлттық валюта мұражайы 1960, мемлекеттік алтын және асыл метталдар мұражайы 1994, президенттік мәдени орталық 2000, мемориалдық мұражайлар да қазақстанның тарихи мәдени рухани өмірінде маңызды рөл атқаруда

2. -Теміртау қаласындағы Тұнғыш мұражайда нелер бар?

-Н.азарбаевтің өмірбаянына қатысты жаңа экспозициялар қойылған.

-Ол мұражайға қаңдай заттар тарту етілген?

-Мұражайға эксклюзивті сувинерлер мен фотосуреттер тарту етілген

-Мұражай қызметтері не ұйымдыстарды?

-Мұражай қызметтерлері азаттық тілшісі үшін саяхат ұйымдастырды

3.себеп- салдар салалас сабақтас сөйлем

17 Билет

  1. Бұл – Қазақстан ғалым академиясінің М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының ғалыми – зерттеу, мәдени-ғарту мекемесі.

1963 жылы М.О.Әуезовті мәңгі есте қалдыру жөніндей қазақстан республикасы  үкіметінін арнаулы қаулысымен құрылған. Мұражай жазушының соңғы он жыл бойы (1951-1961) тұрған үйінде орналасқан. Мұражайда жазуш- драматургтің қазақ театырымен шығармашылық байланысын бейнелейтін қосымша павильон бар. Мұнда оның шығармаларының түіпнұсқасы түгел сақтаулы.

  1. – Президенттікмәдени орталық қай қалада орналасқан?
  • Президенттік мәдени орталық Астанада орналасқан
  • Ол қандай ғимарат?
  • Астана сәулетіндегі ең бір сұлу ғимараттардың бірі.
  • Ол қандай мекемелердің бірігуі арқылы құрылған кешен?
  • «Қазақстан республикасының мемлекеттік мұражайы» -және Сейфулин атындағы республиқалық бұқаралық «кітапхана» екі республиқалық мекеменің бірігуі арқылы құрылған кешен.
  • Мұражайы қорында қанша  бірлік сақталған ?
  • Мұражай қорында 143223 астамбірлік сақталынады.
  • Экспонаттар қандай бөлімдерге бөлімген: негізгі қор, ғымик-қосалқы қор, уақытша сақтай қоры
  1. Әбілхан Қастиев – этнограф, зерттеуші, зергер суретші, бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі.








18 билет

1.Қазақстан оңтүстік аймағында мынадай облыстар бар.Тараз , Талдықорған ,  Шымкент, Қызылорда оңтүстіктің табиғаты жазы ыстақ негізінен жеміс-жедек өсіріледі . Қызылорда облысында күріш . Солтүстік облысында Петропавловск, Акмола, Қостанай облысы . Табиғаты қыста өте суық , жазы қоңыржай : көптеген орман шалғын және қылқан жапырақты өсімдіктер өседі. Астық алқабы. Әдемі жері Бурабай шипажайы . Орталық Қазақстанда Қарағынды , Павлодар ,Жезқазған. Бұл облыстарда үлкен ірі өнеркәсіп орындары бар орындары бар. көмір , темір шығарады және шахталар бар.

2. – Астана  Қазақстанның қай бөлгінде орналасқан?

- Астана Қазақстанның Солтүстік бөлігінде орналасқан.

-Астана мәртебесін нешінші жылы алды?

-Астана мәртебесін 1998 жылы алды

- Қалада қандай ғимараттар бар?

- Қалада Бәйтерек кешені, Тәуелсіздік монументі, сауда орталықтары, ескерткіштер, т.б бар

-Астанаға қандай атақ берілді?

-Астанаға әлем қаласы деген атаңқ берілді.

3. Ежелгі қалалар осыдан екі жарым жылдай бұрып пайда бола бастаған, бірақ олардың көпшілігі сақталған.

19 билет

1) «Қазақстанның телеарналары» мәтінің оқып, мазмұндап беріңіз.

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы - бiрiншi ұлттық қазақстандық телеарна. 1958 жылы негізі қаланған. Сол жылы «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы "Қазақстан" қонақ үйі 8 наурызда Алматы студиясынан алғашқы хабар берілді, желтоқсан айынан күнделікті 5 сағаттық хабар беріле бастады. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақ теледидарының тарихында жаңа кезең басталды. 1994 жылы 4 сәуірде Қазақстан Президентінің жарлығымен "Қазақстан теледидары мен радиосы" республикалық корпорациясы болып құрылды. 2002 жылдан "Қазақстан" ұлттық телеарнасы деп аталды. Телеарнада күніне қазақ тілінде 4 рет,орыс тілінде 4 рет жаңалықтар топтамасын беретін ақпараттық талдау бағдарламасы дирекциялары, "Ел" (қоғамдық-саяси және әлеуметтік - экономикалық хабарлар) шығармашылық бірлестіктері жұмыс істейді. "Ақсауыт", "Әйел бақыты" топтама хабарлары беріледі. Телеарнаның 13 облыстық және 1 қалалық (Семей) бөлімшесі бар. Оның хабарларын 2003 жылы ҚырғызстанӨзбекстанРесейдің Қазақстанменшекаралас 12 облысы мен Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономдық аудандарының тұрғындары көре бастады.

2) Теледидарбағдарламары диалог.

- Сәлем !

- Сәлем !

- Саған қандай телебағдарламалар ұнайды?

- Маған мысалы теледидардан Барселона футбол клубының ойынын тамашалағанды ұнатам.

- Иә, керемет мен қолым босаған кезде теледидардан бағдармаларды тамашалайм, мысалы : Тұрсынбектің "Базар жоқ " атты бағдарламасын қарағанды қатты ұнатам.

- Ой жарайсың! ойыңмен бөліскеніне үлкен рахмет !

- Сізгеде рахмет алдағы уакытта қызықты телебағдарламалар болса бөлісе жатармын !

- Қазақстанда қандай телеарналар бар?

-«Ктк» , «Хабар», «Қазақстан», « Қазақстан Қарағанды», «Астана» телеарналар бар.

3) Сөйлемді толықтырып,  сабақтас құрмаластың қай түріне жататынын анықтаңыз.Мен теледидардан жақсы хабар көргенде, ұялы телефонына біреу қоңырау соқты.

20 билет

1).«Семей полигоны» мәтінін оқып, мазмұндап беріңіз

Семей ядролық полигоны. Семей сынақ – КСРО Қорғаныс  министрлігі мен Атом өнеркәсібі министрлігін бұйрығымен құрылған, ядролық жарылыстар  жарылыстар жүргізілген сынақ аймағы. Полигон бұрыңғы Семей облысы. Абыралы ауданы, сонымен катар Павлодар және Қарағанды облыстарының біраз жерін камтыды. Сынақ аймағында 1949-1989 жылдар аралығында 470-тей қуаты әр түрлі ядролық жырылыстар жасалды. Алғашқы атом сынағы үшін әскери құрылысшылар көлемі 300 шаршы киллометр «тәжірибе алаңын» дайындалы. Алаңның ортасындығы 30 метрлік темір мұнараның төбесіне қуаты 20 килотонн ядролық заряд орнатылды.Мұның бәрі ядролық жарылыстың алапат күшінің, куатын зерттеу үшін дыйындалды.Жазушы ақын, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтің қолдауымен полигон жабылды.

2) Эколиялық апаттар диалог.

- Экологиялық апаттарға ұшыраған қандай жерлерді білесің?

- Ауасы көп ластанған қала Өскемен қаласы.

- Бұл қалада қандай өндеріс бар?

-Ауасы кеңістігінің адам ағзасына зиянды ауыр түсті металдар мен ластануына қаладағы қорғасын мырыш полиметалл комбинат бар.

-Тағыда қандай қаланы білесің?

-Семей қаласы.

-Семейполигоны экологияға әсер еттім ме?

- Бұл өңірде экологиялық жағдай жыл сайын нашарлауда, адамдар денсаулығына көп әсер еті.

-Экологиялық апаттарды болдырмау үшін не істейді?

-Ауаны тазартатын жаңа технологиялық қондырғылар кажет.

3) . Мақал-мәтелдердің, фразеологиялық тіркестердің мағынасын ашыңыз. «Бірлік бар жерде – тірлік бар,Адамдар тату болса, жақсы өмір сүреді «Адам досымен, ағаш тамырымен мықты»-Достар адал болукерек,  «бетінен оты шығу»-қатты ұялы,  «қол ұшын беру»- көмексету, жәрдем беру .


Билет №21

1.«Электронды журнал» мәтінін оқып, мазмұндап беріңіз.

Электрондық журнал оқушылардың үлгерімі мен қатысуын есепке алудың құралы болып табылады, оқушы білімінің сапасын бағалау  және ата-аналармен үнемі өзара әрекеттесу, оқыту нәтижелері туралы хабарлама береді.Электрондық сынып жорналының интерфейсі және оны толтыру ережесі барынша дәстүрлі қағаз жорналға сәйкес болуы тиіс. Электрондық жорналға бағалар Тестілеу менеджментінің жүйесінен ендіріледі. Электрондық жорналды мұғалім толтырады.

2. «Білімал» бағдарламасын білесің бе?  тақырыбына диалог құрастырыңыз.

-Білімал бағдарламасы дегеніміз не?

Оқыту барысында жаңа технологияны қолдану.

-Ол қандай технология?

- Қашықтықтан оқыту,ол өте оңай тапсырмалар мен тестерді қашықтықтан оқыту арқылы мүмкіндік береді.

- Білімал қандай мүмкіндік береді?

- Оқу материалдар жиынтығын анықтауға мүмкіндік береді Бәрі бақылауда болады.

3.  Берілген сөйлемнің тиісті тыныс белгілерін қойыңыз. «Тіл – адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі», -  дейді Ахмет Байтұрсынов.

                                                                           Билет№22

1.«Бекзат Саттарханов» мәтінін оқып, мазмұндап беріңіз.

Бекзат Саттарханов – қазақтың әуесқой боксшысы, Сидней олимпиадасының чемпионы, Қазақстанға еңбек сіңірген спорт шебері.  Бір мың тоғыз жүз сексенінші жылы Түркістан қаласында дүниеге келген. 2000(екі мың) жылдың 31(отыз бірінші) желтоқсанында, Шымкент қаласының жанында автокөлік апатынан қаза болады.Бүгін де Түркістан қаласында Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешені бар. Алматы  қаласында көше аты берілді. Спорт журналисі Қыдырбек Рысбекұлы «Бекза» атты кітап жазды.Режиссер Сатыбалды Текеев «Бекзат» туралы деректі фильм түсірді. Әнші композитор Гүлнұр Өмірбаева «Бекзат»әнін арнап жазды. Президент Нұрсұлтан Назарбаев Бекзат Саттархановқа «Барыс» орденін табыс етті.

2«Атақты спортшылар» туралы диалог

-Сен Қазақстан спортшылары туралы не білесің?

-Мен Лондонда болған Жазғы Олимпиада чемпиондарын білемін. Олар: Илья Ильин, Серік Сапиев, Ольга -Рыпакова, Александр Винокуров, Мая Манеза, Светлана Подобедова.

- Ал сен Қысқы олимпиадаға қатысқан спортшыларды білесің бе?

- Иә, білемін Денис Тен,Алексей Полторанин, Роман Керч,Юля Галышева, Елена Хрутелева.

- Олар қандай жүлдеге ие болды?

- Күміс жүдегеріне ие болды.

3.Салалас құрмалас сөйлем түрлері. Мысал келтіріңіз.

Салалас құрмалас сөлемнің алты түрі бар.1. Ыңғайлас салалас  Жиналыс бітті де, ата- аналар үйіне қайтты. 2. Қарсылықты салалас. Мен кітабымды беріп едім, бірақ ол алмады.3. Себеп – салдар салалас. Мен сабаққа бара алмадым, өйткені аурып қалдым.4. Кезектес салалас. Күн біресе жауды, біресе басылды.5. Талғаулы салалас. Бүгін қыдыруға не мен барамын, не сен барасың.6. Түсіндірмелі(изьяснит.) Жалғауы жоқ. Қорыққаны сонша – орнынан тұралмай қалды.


Билет 23.

1."Тарлан" сыйлығы .

"Меценат" ұғымы қазақ халқының  дәстүрінде шүлеен түрінде бұрынын бар .Шүлен деп.

адамдардың  кедей адамдарға беретін материалдық көмегін айтқан. Сондайақ дәулетті адамдар әншілер,ақындар сияқты өнер адамдарынан көмегін көрсетеді : ( Құнанбай Маман,Мұқан)

«Тарлан» сыйлығы қазіргі тәуелсіз  Қазақстанда өз жалғасын тауып отыр Мысалы, жылсайын,өнерде,әдибиетте,ғылымда т.б  салаларда аса үздік табысқа жеткендерге  "Тарлан"  сыйлығы беріледі. Олжас Сүйлеменовке 2000 жылы әдебиет саласынан "Тарлан "  сыйлығының ең үздік иегері деп марапаталды .

2.- Өнер тарландары дегеніміз кімдер?

- Олар өнерлі адамдар .

- Сыйлық иегерлерін салтанатты марапаттау рәсімі қайда өтті?

- Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрында өтті.

- Қанша номинация  бойынша тапсырылды?

-  Жеті номинация бойынша : әдибет,музыка,театр, бейнелеу өнері,кино, ағартушылық салалар бойынша тапсырылды.

-  Тарлан сыйлығынын өнер тарландары кімдер?

-  Роза Рымбаева қазақ эстраданың жұлдызы және ақын- жазушылар, өнер адамдары мысалы Қадір Мырзаәлі, Олжас Сүлейменов тағы басқалары.

3.  Біріңғай бастауыштардың арасына үтір қойылады, кім? Деген сұраққа жауап береді.


24 билет .

1.Қолөнер туралыәңгімелеңіз.

Қазақтардыңтұрмысындақолөнеререкшеорыналған.Әйелдеркиізбасқан, кілем, ши тоқыған, киімтіккен. Ер адамдаркиізүйдіңқаңқасын(каркас) ,жиһаздар, қару-жарақ, домбыра, ыдыстаржасаған. Киізүйжасайтыншеберлеркөпболған. Зергерлеркүміс пен алтыннынбұйымдаржасаған. Әйелдералаша, кілемтоқыған.

2.-Астана нені өткізу құқына қол жеткізді?

- Қазақстан Астанада Халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесін өткіау құқына қол  жеткізді .

-ЭКСПО-2017  көрмесі қаңдай оқиғалармен  теңдес?

- ЭКСПО-2017 көрмесі бұл  мәні жағынан бүкіл әлмдік экономикалық форумдармен,ал туристік тартымдылығы жағынан әлемнің ең кең танымал спорт жарыстарымен теңдес  жаһандық ауқымдағы оқиға .

- Халақаралық  көрмерлер бұрын қай елдере өткен?

-  Халақаралық көрмелер өткен 160 жылдан астам уақытта олар,негізінен ,экономиқалық алыптар саналатын АҚШ,Франция ,Германия ,Жапония ,Бразилия ,Канада ,Үлыбритания,Испания ,Қытай және басқа елдерде өтті . Енді олардың қатарына Қазақстан да қосылып отыр .

-Қазақстанның бұл жаңа табысы нені көрсетіп отыр?

- Біздің осынау жаңа табысымыз  біздің бүкіл әлемде кұрметті елге  айналғанымыз тағы да көрсетіп беріп отыр .

- Бүкіл әлем қай  қаланы таңдады?

- Бүкіл әлем Астана қаласын таңдады.

3. әрі- ыңғайлас себеп салдар (Олар билеп, әрі ән айтып жүр)

    өйткені- себеп салдар (Мен үйге кешігіп келдім, өйткені қосымша сабаққа қалдым)

    бірақ- қарсылыкты (Күн жылы, бірақ жерге әлі көк шөп шыққан жоқ )

     немесе- талғаулықты (Бүгін қалаға мен барамын,немесе сен барасың?)

     бірде- талғаулықты (күн бірде суық, бірде салқын болып тұр)

                                                           25- билет

  1. Шара Жиенқұлова он алты жасында «Биші қыз» атағын  иеленді. Бір мың тоғыз жүз отыз алтыншы жылы Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігі мәдени шарасына қатысып, өзге халықты ұлттық би өнерімен таңқалдырды. Шара Жиенқұлова қазақ ән – би ансамбілінің басшысы болды. Ол – « Қазақ биі», « Сымбат», «Өмірім менің –өнерім», «Би құпиясы» кітаптарының авторы.
  2. «Би үйірмесі» диалог.
  • Сен мектепте қандай үйірмеге қатысасың?
  • Би үйірмесіне қатысамын.
  • Би үйірмесінде қанша оқушы бар?
  • Жиырма оқушы бар.
  • Би байқауына қатысқандарың бар ма?
  • Қалалық, облыстық, байқауларға жиі қатысып тұрамыз. Мақтау грамотасына ие болған күнерімізде болды.

3.Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлері: 1.Мезгі бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем істің мезгілінбілдіреді. Сұрақтары қашан?, қашаннан бері?,қашанға шейін? Деген сұрақтарға жауап береді. Мен келгенде, сен үйде жоқсың.2.Мақсат бағыныңқы істің мақсатын білдіреді. Не мақсатпен? Не үшін? Неге? Баласы жақсы оқысын деп, әкесі көп кітап әкеліп берді.3.Себеп бағыныңқы айтылған ойдың себебін білдіреді. Неліктен? не себепті? не деп? неге? Уақытым болмаған себепті дүкенге бармаймын.4.Қимыл – сын бағыныңқы істің, амалдың қалай орындалғанын білдіреді. Қалай?қайтіп? не етіп? Арман келмей, жұмыс бітті.

5. Қарсылықты бағыныңқы(уступительные) Қайтседе? Не етсе де?қайткенмен? не еткенмен? Тез жүрсе де, сабаққа үлгермей қалды. 6. Шартты бағыныңқы Қайтсе? Не етсе? Қайткенде? Не еткенде? Қайтпей? Не етпей? Оқушыларға  жазда суға шомылудың ережесін үретпейінше, суға түсуге тыйым салған.

© Copyright 2012-2020, Все права защищены.